Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«ҚазБШҒЗИ» ЖШС
«В приоритетном порядке следует развивать сельскохозяйственную науку. Эффективность производства и повышения качества продукции будет зависеть от степени развития и использования прикладных аграрных исследований, от адаптации существующих технологий и передачи новых технологий производителям».
Президент РК Нурсултан Назарбаев
ҚазБШҒЗИ міндеті - Қазақстан республикасының балық ресурстарын сақтау және молайта түсу, оларды пайдаланудың жаңа мүмкіншіліктерін ашу.
Мақсаты - ҚазБШҒЗИ стратегиясы мен миссиясын іске асыру арқылы балық шаруашылығы және су биоценоздарының экологиясы саласындағы халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу институты болуға ұмтылады.

- Су айдындарын балық шаруашылық мақсатында пайдалану үшін бонитировка жасау;

- Кәсіптік маңызы бар балық және қоректік организмдерді жерсіндіру және балықтандыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

- Ауланатын балықтың жалпы мөлшеріне (ОДУ) биологиялық негіздеме жасау;

- Табиғат пайдаланушылардың кәсіптік учаскелеріндегі балық шаруашылығы құрылымдарына ұсыныстар әзірлеу;

- Экологиялық жобалау және нормалау жөніндегі жұмыстар;

- Су айдындарында шаруашылық іс-әрекеттер жасау барысында балық ресурсына келтірілген зиянды әсерді бағалау;

- ҚР балық шаруашылығы су айдындарында экологиялық бақылау жұмыстарын жүргізу;

- Су айдындарындағы балықтардың қоректік базасын анықтау, оның пайдалану дәрежесі мен жалпы балықтың тойымдылығын анықтау;

- Артемия цистасының және өзге де бағалы су омыртқасыздарының қорын болжауға және оларды өндіру үшін берілетін лимитке биологиялық негіздемелер жасау;

- Биологиялық негіздемелерге, ғылыми еңбектер мен жобаларға рецензия беру;

- Балық шаруашылығының, оның ішінде гидробиология, ихтиология, аквакультура саласындағы барлық сұрақтарға әдістемелік-консультациялық көмек;

- Су айдындарындағы судың сапасын организмдердегі ластану индикаторына байланысты анықтау;

- Әр алуан су айдындарын (тоған, жылы су және т.б) кешенді зерттеу және олардың әртүрлі шаруашылықтарға, оның ішінде балық шаруашылығына, гидрохимиялық және токсикологиялық көрсеткіштеріне сәйкес, жарайтындығына қорытынды анықтама беру;

- Судың гидрохимиялық көрсеткіштерін анықтау; рН, еріген газдар, биогенді және органикалық заттар, минералды тұздардың әсерінен су айдындарындағы балықтардың қаншалықты тұншығу қаупі бар екенін анықтау;

- Балық өсіретін шаруашылықтардың ветеринарлық-санитарлық жағдайын бағалау және ұсыныстар әзірлеу;

- Балық шаруашылығы кәсіпорындарына экологиялық паспорттар дайындау;

- Балық шаруашылығы су айдындарының эпизоотикалық жағдайын зерттеу және бағалау;

- Балық өсіретін шаруашылықтардағы балықтардың иммунологиялық жағдайын сараптау және олардың иммуно-физиологиялық статусын көтеру үшін жүргізілетін шаралар;

- Арнайы қорғауды қажет ететін табиғи аймақтарды ұйымдастыру үшін ғылыми-жаратылыстану мен технико-экономикалық негіздемелерді жасау;

- Балық өсіретін кәспорындарға әртүрлі (тауарлы-көл, тор-қоршау, индустриялдық кәсіпорындар, ТСҚ) жобалық құжаттар жасау;

- Балық өсіретін және фермерлік шаруашылықтарға бизнес-жоспар құруға көмектесу;

- Тауарлы балық өсіру (албырт, бекіре тұқы, алабұға тұқымдастар) биотехникасы бойынша консультациялық қызмет көрсету;

- Республикалық балық өсіретін кәсіпорындарда селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жүргізу;

- Балық шаруашылығымен айналысамын деген кәсіпкерлерге ақыл-кеңес беру;

- Фермерлік балық шаруашылықтарын құру жөнінде жобалық жұмыстар жасау;